Басты бетЖаңалықтарЭнергетика министрлігі...

Энергетика министрлігі 41 мұнай-газ учаскесін аукционға қойды

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының құзыретті органы ретінде, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукцион жариялайды. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукцион электрондық аукциондар операторының сайтында өткізіледі: www.gosreestr.kz», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аукцион 22 жылғы 23 желтоқсанда өтеді. Аукцион Астана уақыты бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

Аукционға қатысуға өтінімдер беру мерзімі 2022 жылғы 23 қарашаны қоса алғанда, электрон аукциондар операторы сайтында қабылданады.