«25 қыркүйекте таңертең жедел кезекші пультіне «Бурабай» МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәлімет бойынша, өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері белгіленіп жатыр», — делінген хабарламада.
Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен аса адамы жұмылдырылып, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кіріскен.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша, тұтануды жедел жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылған, ол да жану орнына бет алған.