Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен еліміздің оңтүстік өңірінде жүр

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылордада қорғаныс ведомствосының басшысына әскери бөлімнің атқаратын міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктері, оқу-жаттығу жауынгерлік қызметінің барысы туралы баяндалды. Министр әскери инфрақұрылым нысандарының жағдайына ерекше назар аударып, штабтың жұмысымен, әскери қызметшілердің тамақтану жағдайымен танысты. Сондай-ақ генерал-полковник Руслан Жақсылықов жауынгерлік машиналар паркіндегі әскери техниканың жай-күйі мен оларды ұстау тәртібін, қаруды сақтау жағдайын тексерді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы оқу-жаттығу алаңдарын аралап, олардың практикалық сабақтарға дайындығын да тексерді.

Сапар соңында министр жеке құрамның жауынгерлік оқу сапасын арттыру, жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасын жетілдіру, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде бірқатар нұсқаулар берді, — деДі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Түркістанда Қорғаныс министрі Халықаралық әуежай ғимараты мен «Түркістан» әскери секторын салуға жоспарланған аумақты аралап көріп, алдағы жұмыстарға қатысты мәселелерді талқылады.