Осыған байланысты қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылдың 3 қазанынан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды.
Сонымен қатар, мынандай талаптар қойылады:
- медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету;
- ғимаратта және оған қатысты территорияда тиісті сілтеме белгілерін қоя отырып, кіреберіс есікте «фильтр» жабдығын орнату және ұйымдастыру;
- келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
- мобильді бригадалардың үйге шақырулар бойынша қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау;
-
медициналық ұйымдардың ішінде кемінде + 18 °С, перзентхана блогында кемінде + 22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету.
Сонымен бірге ірі кәсіпорындармен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қызметкерлерді тұмауға қарсы вакцинациялау бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Қаулы 2022 жылдың 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.