«Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жөнсіз жүргізу мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оған сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа өнімдерін, төс белгілер, жалаушаларды тегін таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тауарларды, қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдетілген шартпен ұсыну, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу немесе соған уәде беру жатады», — дейді Анастасия Шегорцова.
Мемлекет әр кандидатқа үгіт-насихат жұмысын қолдау үшін бюджеттен бірдей қаражат бөледі. Алайда үміткерлерге сайлау алдында жөнсіз үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынады.
«Сайлау алдындағы дұрыс емес үгіт президенттікке кандидатты тіркеуден шығаруға негіз береді», — Анастасия Шегорцова