Дәулеткерей Кәпұлы: Әлемдегі жағдай әр ұлттың, әр адам баласының көңілін алаң қылады

Ақын, жазушылар одағы Астана филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір айтты.

Әлемде болып жатқан жағдайлар, мемлекет аралық қақтығыстың ұлғайюы бізді ғана емес, әр ұлттың, әр адам баласының мемлекеті үшін көңілін алаң қылады. Сондықтан елдегі саяси жүйені қалыптастыра отырып, қазіргі әлемдегі қақтығыстарға қарсы тұра алатын саяси модельді шығарумыз керек.

Осыған сай біздің мемлекет басшысы өткенде кезектен тыс Жолдауында «Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» құру жолында жаңа игі бастамалар мен реформалар жариялады. Қоғамның бір мүшесі ретінде айтарым, қазіргі реформалардың барлығы да көкейіме қонды.  Халық үнін тыңдайтын үкімет сол бағытта жұмыс істеп жатыр. Оған дәлел, Президенттің заңға өзгеріс енгізіп, президент өкілеттілігін бір-ақ рет жеті жылға сайлануы.

Бұл мәселе, әрине ел арасында қызу талқыланды, ел ішінен қолдау да табылды. Екіншіден, сол уақыт аралығында жемқорлықпен күрес, тамыр-таныстық деген мәселені түбірімен балта шабу мәселелері өз нәтижесін  береді деп ойлаймын. Баланың өзі жеті жасқа дейін жерден таяқ жейтіндей, мемлекет те осы аралықта бойын тіктейді. Өйткені бұл жерде бір ғана жанның емес, бір мемлекеттің тағдыры тұр. Сондықтан алдағы болатын өзгерістерге үлкен сеніммен қараймын. Қарашада болатын Президент сайлауына қатысып, өзіміздің таңдауымызды жасаймыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз