«20,5 миллиард теңге»: ОСК сайлауға кететін шығынды түсіндірді

«Еңбекақы қоры барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесінен тұрады. Олардың еңбекақысы ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес келеді. 2019 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл 60 мың теңге. Бұл — сайлау науқанының сметасындағы үлкен секіріс. Ең әуелі кез келген науқанның 80%-ін жалақы қоры құрайды, бұл соған байланысты. Бүгінге дейін біз қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізуге кететін шығынның шамамен сметасын ұсынып, қазір 20,5 млрд теңгені талқылау үстіндеміз», — деді Мұстафина.