Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Қазақстан Республикасы аумағында кейінгі 15 жылда тұруы;
- Жоғары білімінің болуы;
- Жасы 40-қа толған болуы;
- Белсенді сайлау құқығының болуы;
- Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
«Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың санының кем дегенде 1%-ін қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі», — дейді Константин Петров.