«Өздеріңіз білетіндей, кеше Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Бүгінде ол «Казахстанская правда» мен «Егемен Қазақстанда» жарияланады. Яғни, бүгіннен бастап қаулы күшіне енді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні, яғни 23 қыркүйектен басталып, биылғы 11 қазанда18:00-де аяқталуға тиіс», — деді Петров.
Ол сайлау туралы Конституция заңының 55-бабы 1-тармағына сәйкес президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі екенін түсіндірді.