Фотожурналист мамандығы қиындыққа толы. Қарулы қақтығыстар арасында жүріп сәтті кадр іздеу — оңай шаруа емес. Адамгершілік пен кәсібилік сынға түсетін сәттерде фотограф қандай шешім қабылдауы керек?
Мамандық — міндет, адалдық — парыз
Адам өмірі түрлі таңдаулардан тұрады. Мамандық - міндет. Ал адамгершілік - парыз. Егер алдыңыздан мамандыққа деген адалдық пен адамгершілік шықса, қайсысын таңдар едіңіз? Видеодағы фотографтың алдында да қиын таңдау тұр. Сәтті кадр ме, әлде адам өмірі ме? Ол қайсысын таңдайды екен?