Алматыда 3 миллион теңгеге автомат сатпақ болған ер адам ұсталды

Күдікті кінәсін мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Арнайы іс-шара барысында «қару-жарақ сатумен айналысты» деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 миллиметр патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. Бұл іс ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.