Басты бетЖаңалықтарӘлихан Смайылов:...

Әлихан Смайылов: Сұранысқа ие медицина мамандықтарына грант санын көбейту керек

Премьер-Министр сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру гранттарының санын арттыру мәселелерін пысықтауды және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында медицина ақпарат жүйелерінің интеграциялануын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар азаматтардың ТМККК және МӘМС бойынша өтініштерін айтты.

«Бірінші кезекте дәрігерлік көмектің көлемі жеткіліксіз деп шағым айтуда. Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігімен бірлесіп, 1 қарашаға дейін оларды қаржыландыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің айтуынша, ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету үшін шұғыл шаралар қабылдау және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу керек. Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін беруге ерекше назар аудару қажет.

«Өңірлермен бірлесіп, заманауи перинаталдық орталықтар салу және балалар ауруханаларын керекті жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.