ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі АҚШ-тың Coursera компаниясымен арадағы келіссөздердің барысы туралы ақпарат берді.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, келіссөздер жемісті аяқталса, Coursera компаниясының білім беру платформасына 100 мың қазақстандық студент тіркеле алады. Платформадағы білім мазмұны ішінара қазақ және орыс тіліне аударылуы мүмкін.
«Бұл 100 мың студенттің қалай іріктелетіні келіссөз барысында нақтыланады. Әзірге биыл 20 мың лицензия, 2023 жылы 30 мың лицензия, 2024 жылы 50 мың лицензия берілетіні белгілі. Басымдық өңірлік университеттерге және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттерге беріледі. Іріктеудің нақты тетігі Coursera өкілдерімен бірге пысықталып жатыр», — дейді министрліктегілер.