Amanat фракцияс премьер-министр Әлихан Смайылов пен ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовқа сауал жолдады.
Тоқаев жолдауда БЖЗҚ-ның тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды. Қазір Қазақстанда зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы — Ұлттық банк. Ол инвестициялық саясатты жүргізеді және қызметін бақылайды. Зейнетақы қорының активтері бірінші кезекте қазақстандықтардың табысының 10 пайызы мөлшеріндегі аударымдарынан тұрады. 2023 жылдан бастап оларға жұмыс берушілерден әрбір қызметкер үшін 1,5 пайыз мөлшерінде қосымша жарналар қосылады. Зейнетақы — қайырымдылық емес, адамның лайықты құқығы», — деді депутат Аманжан Жамалов.
Депутат 9 қыркүйекте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен жиында зейнет жасын төмендету қозғалысының белсенділері айтқан талаптарға да тоқталды. Ол мемлекеттік ұйым бола отырып, БЖЗҚ жабық және ашық емес құрылым болып отырғанын айтты.
«Қаржыгерлер тобы халық ақшасын жеке қаражаты сияқты басқарады. Іс жүзінде бұл ұйымның миллиардтық кіріс-шығысы есеп комитетінің бюджеттік рәсімдері мен бақылауынан шығарылды. Қазір БЖЗҚ-ның әкімшілік шығыны 13 миллиард теңгеге жетті. Салыстыру үшін, елдегі барлық әлеуметтік саясатқа жауапты бүкіл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жыл сайынғы әкімшілік шығыны 10 миллиард теңгеден аспайды. Тек БЖЗҚ қызметкерлерінің еңбекақысына 7,9 миллиард теңге жұмсалады. БЖЗҚ құрылымында 1 495 адам жұмыс істейді», — деді ол.
Соңында мәжілісмендер мынадай ұсыныс жасады:
- Есеп комитеті кейінгі жылдардағы БЖЗҚ шығыстарының негізділігі мен тиімділігін тексереді.
- Үкімет жалғыз акционер ретінде БЖЗҚ-дан бюджетке дивиденд ретінде бөлінбеген 211 миллиард теңге кірісті алып, оларды әлеуметтік мәселелерді шешуге, мысалы, зейнетақыға шығу үшін жеткілікті тәжірибесі мен 58 жаста өз қалауы бойынша зейнетке шығуға жинақтары бар әйелдер санатының мәселелерін шешуге бағыттайды;
- БЖЗҚ-ны үкіметтің тікелей құзырына, мүмкін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылауына беру мүмкіндігі қарастырылады.