Ybyrai mektebi ауыл балаларына прогрессив білім береді

Мектептегі білім беру бағдарламасына фин және сингапурлардың үздік тәжірибелері енгізілген.

Ауыл мектебінде қайта құру, күрделі жөндеу жұмыстары және жаңа коммуналдық орталық құрылысы жүргізілді, ғимарат толық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Кешен 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бөбекжай, бастауыш мектеп, орта және жоғары мектеп, ауылдың барлық тұрғынына арналған комьюнити орталығына айналып отыр.

Бұл модель үздіксіз оқу процесін, балалардың балабақшадан бастауыш мектепке дейін стрессіз өтуін және одан әрі оқытудың бірыңғай тәсілін қамтиды. Маңыздысы өзара байланыстың болуы, қоғамдастық орталығының жұмысы міндетті түрде үш жақты байланысқа, ата-ана, бала мен мұғалімге бағытталған.

«Ybyrai mektebi   тұжырымдамасында 0-6 сыныптарды бастауыш мектеп ретінде қарастырамыз. Ең маңызды дағды үйрену қабілетін меңгертеміз. Логиканы (дұрыс ойлау қабілеті), риториканы (дұрыс сөйлеу қабілеті), грамматиканы (дұрыс жаза білу) және өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясын жетілдіруге назар аударамыз. Жоғары сыныпты аяқтаған әрбір оқушы болашақта өзінің кім болатынын нақты түсінуі қажет. Галлап сынағы арқылы қабілеттері бойынша толық талдау алады. Ата-ана мен барлық ауыл тұрғынын оқу процесіне тартамыз. Заманауи кітапханасы, кинотеатры, хореографиялық залы, қолданбалы өнер, музыка кабинеттері, балалар және ересектерге арналған ойын алаңы, планетарийі бар қауымдастық орталыққа айналамыз. Ауылды әлемге шығара алмасақ та, әлемді ауылға әкеле аламыз», — дейді Құлынжон мектебінің директоры Аралбек Берікұлы.

Ybyrai mektebi жобасы Құлынжон мектебінің түлегі Айдын Рахымбаевтың бастамасымен Aidyn & Anar Rakhimbayev Foundation қорының қаражатымен жасалды. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 2 миллион доллар.