Басты бетҚоғамҚазМұнайГаз "Қашағанның"...

ҚазМұнайГаз «Қашағанның» 50%-ін сатып алды

2022 жылы 15 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2015 жылы жасалған опциондық келісім аясындағы құқығын пайдаланып, «Самұрық-Қазына» АҚ-дан Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған жобасы) бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің 16,88%-і тиесілі «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін 3,8 млрд АҚШ долларына сатып алған.

Бұл сатып алуды жүзеге асыруға ҚазМұнайГаз компаниясының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстар себеп болды.

Мәміле туралы толығырақ «ҚазМұнайГаздың» қаржылық есебінде баяндалатын болады.