Басты бетҚоғамПедагогтің жеке...

Педагогтің жеке электрон портфолиосы таныстырылды

ҚР оқу-ағарту министрлігінің аппарат мәжілісінде педагогтің жеке электрон портфолиосының дизайны таныстырды.

«Жыл соңына дейін толығымен аяқтауымыз керек. Жобаның барлық тетіктері дайын болғанын күтіп отырмаймыз, біртіндеп іске қоса береміз. Бұл жүйе мектепте істейтін мұғалімдерге ғана емес, колқолжетімді болады. Педагог асттестациясы толығымен электрон жүйеде жасалады. Әр педагогтің жеке портфолиосы, білімі, санаты, тәжірибесі, жетістіктері, дипломы, біліктілік курсы туралы сертификаты, бәрі осы жүйеде болады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, электрон портфолио толық іске қосылғанда мұғалімдер қағаз жүзінде құжат тапсырудан толық құтылады.

«Аттестация болсын, байқау болсын, директорлық лауазымға құжат өткізу болсын, электрон портфолиосы бойынша бір батырманы басып, қажет ақпаратты тікелей жібере сала алады», — деді ведомство басшысы.

Министрлікке қарасты ақпараттық-талдау орталығының басқарма төрағасы Мағжан Аманғазының айтуынша, портфолиода педагогтің өзіне тиесілі айлығын есептейтін қосымша да орнатылады.

«Мұғалімнің жалақысын есептеуге арналған калькулятор қызметін де қарастырамыз. Бәрі бірден емес, рет-ретімен енгізіледі», — деді орталық басшысы.