Тоқаев Эмомали Рахмонға және тәжік халқына барша қазақстандықтардың атынан тәжік-қырғыз шекарасында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
«Бауырлас және достас мемлекеттердегі бұл қайғылы оқиға бізді қатты алаңдатады. Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды», – делінген жеделхатта.
Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.