Басты бетЖаңалықтарАстанаға бұрынғы...

Астанаға бұрынғы атауы қайтарылды: президент жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

***

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.

2. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының президенті

Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 қыркүйек

№ 1017