Басты бетЖаңалықтарАстана атауын...

Астана атауын өзгерту: азаматтардан құжатын ауыстыру талап етілмейді

Астананың атауын өзгерту азаматтарға құқық белгілейтін құжаттарды ауыстыру жөніндегі міндетті жүктемейді. Бұрын алынған құжаттар елорданың жаңа атауы көрсетілген құжаттармен қатар заңды күшіне ие болады. Осы орайда азаматтарға құжаттарын шұғыл түрде ауыстыруының қажеті жоқ. Құжаттарда елорданың бұрынғы атауын көрсету олардың жарамсыздығына әкелмейді. Сондықтан қазіргі қолдарындағы құжаттарды пайдалануға болады, — деп түсіндірді Мусин парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, қалалық мәслихат елорданың бұрынғы атауын қайтаруды талқылау кезінде қосымша шығындар болмайтынын мәлімдеген. Ғимараттардағы атауларды шұғыл түрде ауыстырудың ешқандай қажет жоқ. Бұл жұмыстар жоспарлы түрде атқарылады.

Қазіргі кезде құжат айналым цифрлық форматта жүргізілгеннен кейін, бұл бағытта да қосымша шығындар болмайды, — деді министр.