0%

Фотодағы аллеяның қайда орналасқанын таба алдыңыз ба?

Сәтбаев Гагарин көше аллея Алматы
Дұрыс! Қате!

Бұл – Гагарин көшесі бойындағы аллея. Ол Төле би көшесінен бастап Жандосов көшесіне дейін созылып жатыр.

Мына мейрамхана қалай аталушы еді?

Абай мейрамхана
Дұрыс! Қате!

Көктөбеде орналасқан мейрамхана Abay деп аталады.

Күз келіп, жаңа оқу жылы басталды. Енді студенттер мен оқушылар кітапханаға қарай ағылады. Айтпақшы, Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қай жерде екенін білесіз бе?

Алматы Ұлттық кітапхана
Дұрыс! Қате!

1910 жылы негізі қаланған Ұлттық кітапхана Абай даңғылы мен Абылай хан көшесі қиылысында орналасқан.

Алматыдағы бұл ғимаратта бұрын кім тұрды?

Байтұрсынов музейі
Дұрыс! Қате!

Бұл – Ахмет Байтұрсынұлының Алматыда тұрған үшінші үйі. Үшеуінің ішінде сақталып қалғаны да - осы. Ол мұнда мемлекеттік қызмет атқарған кезінде, 1934-1937 жылдары тұрған. Оны осы үйден түрмеге әкетіп, «халық жауы» деп, ату жазасына кескен. Бұл үй 1994 жылдан бері музей болып жұмыс істеп тұр.

Бұл қай өзен?

Алматы, Тереңқұр, саябақ
Дұрыс! Қате!

Бұл - қай уақытта келсеңіз де, салқын әрі әдемі болып тұратын Тереңқұр өзені.

Скафандр киген Юрий Гагарин Алматының қай көшесі бойындағы орындықта демалып отыр?

Гагарин балалар Алматы жастар
Дұрыс! Қате!

Скафандр киіп отырған ғарышкер Юрий Гагариннің скульпторы 2018 жылы пайда болды. Бұл Абай даңғылы мен Юрий Гагарин көшесі қиылысында тұр. Авторы – Азамат Қабыл және Ақылбек Шәкен.

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың қолының ізін қайдан табуға болады?

Алматы қолтаңба
Дұрыс! Қате!

Алматыдағы Республика алаңында үлкен Алтын адамның ескерткіші бар. Дәл сол ескерткіштің төменгі жағында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолының ізі салынған.

Фотодағы Алматы метрополитенінің қай станциясы?

метро Алматы
Дұрыс! Қате!

Алматы метрополитенінде 11 аялдама бар. Фотодағы – «Байқоңыр». Ол «Мұхтар Әуезов» пен «Абай» станциясының ортасында орналасқан. Оның дизайнын әдейі Байқоңырдағы ғарыш айлағына ұқсатып жасаған.

Кей қала тұрғыны DelPapa-ға барып, паста, равиоли, чиабатта жегенді ұнатады. Алматыда дәл осы мейрамхананың қанша филиалы бар?

дель папа, қарасай батыр, Алматы
Дұрыс! Қате!

Алматыда DelPapa мейрамханасының жеті филиалы бар. Суретте Назарбаев көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында орналасқаны.

Әнші Димаш Құдайбергеннің портреті қай мекенжайдағы қабырғаға салынған?

Димаш Құдайберген
Дұрыс! Қате!

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің муралы Қабанбай батыр көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында орналасқан. Бұл - автор Батыр Сәдуақасовтың салған ең алғашқы муралы.

Тест: Нағыз алматылықсыз ба?
Жаман емес!

Алматы Панфилов қала көше

Алматыға енді көшіп келгенге ұқсайсыз. Қаланы әлі де аралап, көбірек қыдыруыңыз керек сияқты.
Жақсы!

Алматы Панфилов қала көше

Алматының тыныс-тіршілігі туралы көбірек біледі екенсіз. Жарайсыз!
Тамаша!

Алматы қолтаңба

Сізді нағыз алматылық деуге болады. Жарайсыз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: