2019 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдар 100% цифрлық құжат айналымы форматына көшті. Жалпы, 2019 жылы әкімдік маңдайшаларды, бланкілер мен мөрлерді ауыстыруға 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Биыл цифрлық құжат айналымына көшуді ескерсек, шығын әлдеқайда аз болады деп ойлаймын. Өйткені қазір көптеген мемлекеттік органдар формада ресми түрде ештеңе жібермей, ЭСҚ пайдаланады, – деді Ерлан Каналимов.
Қаналимов Астана атауын қайтару үшін ақша қала бюджетінен бөлінетінін атап өтті.
Айта кетейік, 2 қыркүйекте мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елордаға Астана атауын қайтару туралы бастама көтерген болатын.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, депутаттардың бұл бастамасы туралы президент хабардар. Олардың ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.