Мәлім етілгендей, Қытай үкіметі Шығыс Қазақстан облысының сапа инспекциясының зертханасына құны 11,15 миллион юань болатын жабдықты тапсырады. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР коммерция министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Тиісті келісімге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қол қойған.
ҚХР стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру Қытайға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, Қазақстан терең қайта өңдеу тауарларын, жемшөп пен қоспаларын, ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі, — делінген АҚШ хабарламасында.
2022 жылдың жеті айында АӨК саласындағы Қазақстан-Қытай тауар айналымы 46,7% артып, 412,5 миллион долларды құраған.
Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 62,2% — 280,4 миллион долларға дейін артты. Қытайдан импорт 22,2% ұлғайып, 132,1 миллион долларды құрады.