Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Өзбекстанда президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді, — делінген ұсынылған хабарламада.
Еске салайық, 7 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі жөнінде әңгімелескен болатын.