Рим Папасы месса рәсімін өткізу үшін EXPO халықаралық көрме орталығының аумағына арнайы көлікпен келді.
Шара өтетін аумаққа қазіргі таңда 7 мыңнан астам адам жиналған. Олардың неше елден келгені анықталып жатыр, — делінген ведомствоның ақпаратында.
Бұған дейін сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров месса рәсіміне тікелей қатысу үшін дін өкілдеріне 3 000 орын қарастырылғанын айтқан еді.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, месса өткізу үшін әзірленген аумақ 10 мың адамға шақталған. Оның басым бөлігі Орталық Азия мен өзге де таяу елдердің діндарларына арналып отыр.