Басты бетКомпьютерлік ойындарға...

Компьютерлік ойындарға тыйым салынады

Бастамада жас балаларға түнгі сағат 00.00-ден таңғы 07.00-ге дейін компьютерлік ойындарға тыйым салатын қосымша шығару қарастырылған. Бұл телефондағы ойындарға да қатысты.

Егер осы уақыт аралығында бала ойындарды қосатын болса, қосымша ойынды ажыратады. Бұны орындаудан бас тартқан компаниялар айыппұл төлейді немесе мүлде жабылады.

Бұл заң осы жылдың наурыз айында өз күшіне енеді.

Айта кетейік, бұрын Қытайда онлайн-ойындарды ойнау үшін арнайы тіркелген құжаттарды қолдану туралы заң енгізілген болатын. Сондықтан биліктің бұл саланы бақылауда тәжірибесі бар.

ДереккөзLife.ru