Ақордада Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу шарасы өтті

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы әнұрандары орындалды, — делінген хабарламада.

Си Цзиньпин, Тоқаев
Фото: Борт N1 Telegram-каналы

Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.