Тыңдаулардың анонсы мәслихат сайтында жарияланды.
2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де өтетін Нұр-Сұлтан мәслихатының көпшілік тыңдауларының қарауына» Қазақстан Республикасының елордасы — Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы деп қайта атау туралы» мәселе шығарылады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2 қыркүйекте мәжілістің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтаруды қолдаған болатын.