Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды

Аталған келісімге Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Ватиканның мемлекеттермен қарым-қатынас жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахер қол қойды.

Мақсат – Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасындағы ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынасты нығайта түсу.

Еске сала кетсек, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған келісім 1998 жылғы 24 қыркүйекте жасалды.

Бүгін сыртқы істер министрлігінің қабырғасында Қазақстан мен Ватикан арасында қосымша келісім жасалып отыр. Келісім екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуді көздейді. Себебі Ватикан өз алдына мемлекет. Сонымен қатар бүгінгі келісім осыдан 24 жыл бұрын жасалған келісімді толықтырып, тереңдете түспек. Қосымша келісімнің мерзімі жоқ. Тек парламенттің ратификациясын талап етеді, — деді бүгін ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, қосымша келісім Рим Папасы Францисктің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында жасалып отыр.