Рим Папасы: Қазақстан — бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын мекен

Біз ғасырлар бойы үлкен керуендер өткен жерде тұрмыз. Бұл жерлерде Жібек жолының арқасында көптеген хикаялар, идеялар, нанымдар тоғысқан, – деді Рим Папасы.

Осы орайда ол Қазақстанға арнап өз тілегін айтты.

Қазақстан тағы да бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын, татуластыратын мекенге айналсын. Қазақ жері адами қарым-қатынасты басшылыққа ала отырып, маңызды кездесулер үшін жаңа жолдар ашты. Бұл тұрғыда өзара сыйластық пен шынайылыққа екпін қойылған, — деді Понтифик.