Тоқаев дін көшбасшыларының адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесін айтты

Әлемдегі ең беделді рухани көшбасшылардың басын қосып, диалог құру біз үшін зор мәртебе. Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Ватаканның және Католик шіркеуінің басшысы, Рим Папасы Францискіге ілтипатымды білдіремін. Сіз діндер және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға зор үлес қостыңыз. Көне «Әл-Азһар» ислам университетінің бас имамы, жоғары мәртебелі доктор, шейх Ахмад ат-Тайебтің елімізге арнайы келгеніне қуаныштымын. Қазақстан халқы өзіңізді қазіргі мұсылман әлемінің көрнекті ойшылы ретінде құрмет тұтады. Сіз дін жолында адал қызмет атқарып, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңіріп келесіз, — деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президент орыс православ шілкеуінің жоғары өкілдеріне қошемет білдірді. Православ христиандары бірлік пен келісімді нығайтуда елеулі үлесін қосып отыр.

дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі, Тоқаев
Фото: Борт N1 Telegram-каналы

Мұнымен қоса Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін форумға Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиф қатысып отырғанын еске салды. Осы орайда бұл сапарға ерекше мән берілетіні айтылды.

Баршаңызға шақыруымызды қабыл алып, Қазақстанға келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді, — деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, діни форумға арнайы қонақ Рим Папасы Францисктен бөлек Әл-Азхардың жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, бірқатар халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатыр.