Бұл бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Өзгеріске толы әрі белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар. Біріккен ұлттар ұйымының басқа да халықаралық ұйымдардың басшыларына, саясаткерлерге және сарапшыларға ризашылығымды білдіремін. Съез өткізу туралы бастамамызға сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз еліміз үшін өте маңызды,- деді мемлекет басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысында.
Сонымен қатар президент аталмыш съездің мәні мен маңызына тоқталды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бүгінде жаһандық деңгейдегі өркениетаралық диалог алаңына айналды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сонымен қатар саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мүшелері келген.