Екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сонымен бірге саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері келген.
Діни форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосифтің және басқа да діни жетекшілер, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.
Кеше кешке Рим Папасын елорда әуежайынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.