Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды. Қадірлі қонақты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады, — делінген хабарламада.
Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.
Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.