Әзірбаев: Алматы бес полиорталыққа бөлінеді

Бұл туралы мәслихат депутаттарына қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты.

Әзірбаевтың айтуынша, 1998 жылдан бері мегаполис екі есеге ұлғайған. Оған 27 елді мекен қосылды. Әзірбаев атап өткендей, қалада аумақпен қатар инженерлік, көліктік, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігіне байланысты проблемалар да бар. Полиорталықтарды дамытудың негізі ретінде тарихи орталық алынады. Өйткені ол қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен туристер үшін тартымды.

Мысалы, «Солтүстік» полиорталығы — жоба бойынша Алматы-1 теміржол станциясына іргелес аумақта орналасады. Өндіріс пен базарларды осы аймақтан алып тастау ұсынылады. Бұл ретте аумақтардың бір бөлігі рекреация мен көгалдандыру (ҮАК бойы, Баум тоғайы) үшін пайдаланылады. Бұдан басқа полиорталықта қызмет көрсету саласы белсенді дамиды, — делінген хабарламада.

«Шығыс қақпасы» полиорталығы Талғар және Құлжа трактілері аумағында құрылады әрі әуежай ауданындағы логистикалық хаб пен көрме-ойын-сауық орнына айналады.

«Батыс» политорталығын Саин және Рысқұлов даңғылдарының қиылысынан солтүстік-батысқа қарай дамыту жоспарланған. Оның аумағында индустриялық кәсіпорындар, көлік-логистикалық хаб орналасады.

«Оңтүстік-батыс» полиорталығы Райымбек даңғылы мен ұзаратын Алатау көшесінің қиылысында орналасады. Бұл жерде шағын-өнеркәсіптік парктер, сауда және логистика объектілерін орналастыру жоспарлануда. Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік өңдеу объектілерімен, сауда-логистикалық кешендермен және әкімшілік-іскерлік орталықтармен толықтырылатын болады.

«Тарихи орталық» Алматының өзегі болып қала береді. Мұнда инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы және туристік бағыттар одан әрі дамитын болады. Елді мекендердің теңгерімді және тиімді тығыздығын және ауданды қоғамдық, коммерциялық және басқа объектілермен толтыруды ескере отырып, полиорталықтарды дамыту экономикалық белсенділіктің өсуіне және көшелердің әлеуметтенуіне ықпал етеді.

Бұл ретте барлық аудан ықпалдастық пен көшелер желісінің байланысы есебінен бір-бірінен және тарихи орталықтан оқшауланбайды. Керісінше, қала тұрғындары қаланың кез келген жеріне оңай бара алады. Мұндай қозғалыстардың дәліздері тасымалдау, сауда, мәдени демалыс, ойын-сауық және тағы басқа салалардағы бизнес үшін тартымды болуы мүмкін. Экономикалық мамандандыруды ескере отырып, полиорталықтар құрылымын қалыптастыруды 2030 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.