Басты бетЖаңалықтарЕлімізде коронавирустан...

Елімізде коронавирустан бір адам қайтыс болды

Ведомство дерегінше, коронавирустан елімізде 1 науқас қайтыс болды. Коронавирус пневмониясы 3 адамнан анықталды.

Қазір өңірлерде коронавирустан 15 832 адам, соның ішінде 15 598-і коронавирустан (КВИ+) және 234-і коронавирус пневмониясынан (КВИ-) емделіп жатыр. 338 пациент стационарда жатса, 15 494 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 14 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.