«Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі саладағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін», — деп жазылған жеделхатта.
Ақорданың хабарына қарағанда, президент құттықтау соңында корольдің игі бастамасының бәріне толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен барлық британиялықтарға бақыт пен өркендеу тіледі.