Басты бетҚоғамҚазақстан мен...

Қазақстан мен Қырғызстан арасында сауда меморандумы жасалды

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.

Жұмыс сапары барысында Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиевпен кездесті.

Екі тарап 2022 жылдың қазан айында ИТЛК қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға келісті.

Серік Жұманғарин Қазақстан-Қырғыз сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты.

«Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-маусымда $495,7 млн-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ке артық, оның ішінде экспорт – $303,3 млн, импорт – $192,3 млн», — деді Серік Жұманғарин.

Екі ел сауда көлемін ұлғайту мақсатында «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру ниеті туралы өзара түсіністік туралы» меморандум шеңберінде Қырғыз Республикасынан Қазақстанға ерте жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді жүзеге асыру жөнінде келісті.

Қол қойылған «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі» меморандум аясында тараптар сауда рәсімдерін жеңілдетуге, бизнес жүргізу шығындарын азайтуға келісті және елдер арасындағы электрондық құжаттармен өзара алмасудағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.