Осыған байланысты Алматыда кейбір маршрут сызбаларына өзгерістер енгізіледі.
12 қыркүйектен бастап жаңа №100 магистралды маршрут іске қосылады. Ол Асыл Арман шағын ауданынан Ташкент тракті бойымен — Райымбек даңғылы — Жетісу көшесі — Тәттібеков көшесі — Халиуллин көшесі — Есіл көшесі — Талғар трактісі — Бұқтырма көшөшесі — Орынтай ықшам ауданына дейін жүріп, кері бағытта да қозғалады.
Осыған орай №23 және №78 маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертіледі. Енді №23 маршрут Қырғауылды кентінен Сүйінбай-Ташкент трактісі- Райымбек даңғылы бойымен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жүріп өтеді. Жоғарыда көрсетілген схема бойынша кері бағытта жүреді, — делінген хабарламада.