Ол спринтте 1,4 шақырым қашықтықты классикалық әдіспен жүгіріп өтіп, ұлттық құрама қоржынына тұңғыш күміс медальді салды. Алтын қытайлық шаңғышыға бұйырды. Бұл еліміз үшін 2017 жылғы Азиаданың алғашқы медалі.
Айта кетейік, Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан турнирге 116 спортшымыз аттанған еді. Осы уақытқа дейін хоккей мен керлинг, сноубордтан жарыстар өтті. Керлингші қыздарымыз Қатар құрамасымен кездесіп, оларды 14:0 есебімен ұтты. Енді 21 ақпан күні Оңтүстік Корея құрамасымен сынға түседі.