14 қыркүйекте, Алматы күні қарсаңында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы сахнасында «Гүл Алматым» атты мерекелік концертін өтеді.
Концертке Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы мен ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі қатысады.
Дирижерлер:
Қанат Ахметов – ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Бейімбет Демеуов – Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Бағдарламада:
- Қ.Ахметов «Жел қанатты Қазақстан»;
- М.Сағатов «Алматым»;
- Е.Ынтықбаев «Алматым-ай»;
- Е.Хасанғалиев «Алматының алмасы»;
- «Алатау рапсодия»;
- Е.Рахмадиев «Құдаша Думан»;
- Е.Ынтықбаев «Қазақ елі»;
- А.Зацепин «Гүл Алматым»;
- «Қыздар-ай»;
- «Ахау-керім»;
- Аққурай;
- «Ирландский танец»;
- Жоржи Бен Жор «Mas Que Nada»;
- Фалик-Пьяцолла «Незнакомка».