Агенттік Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді.
Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, — деп жазды ведомстводан.
Мәліметтерге қарағанда, жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.
Күдікті адамдар күзетпен ұсталып жатыр.