Атап айтқанда, 1 доллар құны – 473, 10 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге өсіп, 7,74 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 478 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 475 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,2 – 7,6 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.