Басты бетЖаңалықтарАлматыда төлем...

Алматыда төлем терминалын тонап кеткен үш жігіт ұсталды

Төлем құрылғысы Райымбек даңғылы бойындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан. Күдіктілер ғимаратқа заңсыз кіріп, терминалды бұзып, 1 миллион 725 мың теңге көлемінде ақшаны жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар 1975, 1986 және 1982 жылы туған үш азамат ұсталды. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.