Басты бетЖаңалықтарТұңғыш президент...

Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер қатарында болмауы мүмкін

Норма бүгін, 7 қыркүйекте мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.

1 желтоқсан — тұңғыш президент күнін мерекелеуді мемлекеттік рәміздер күні, алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды, — делінген мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.

Сонымен қатар депутаттарға 25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу, сонымен бірге 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ұсынылып отыр.