Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда өгей...

Талдықорғанда өгей қызын зорлаған педофил сотталды

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

2021 жылы қарашада әлеуметтік желіде 13 жастағы қыз туралы ақпарат тарады. Ол өгей әкесінің қорлығына шыдай алмай, өз-өзіне қол салғысы келген. Мектеп мұғалімдері бірден анасына хабарласқан. Ол көп ойланбай полицияға арыз жазды.

49 жастағы ер адам қамауға алынды. Тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі («жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері») бойынша жүргізілді. Тергеу кезінде баланың өгей әкесі тарапынан бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Ол кісі 2002 жылы Атырау облысында осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзету мекемесінде өтеп шыққан. Қыздың анасы мұны білмепті. Жыныстық зорлық-зомбылық баланың 8-9 жасынан басталғаны анықталды, – дейді Жетісу облыстық тергеу басқармасының бастығы Руслан Шарапиев.

Осы іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Судья айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сотталған педофил жазасын қауiпсiздiк дәрежесі ең жоғары түзеу мекемесiнде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енді.