Қазақстандағы қайырымдылық тақырыбын дамытуды қолдауға арналған науқан шеңберінде ЮНИСЕФ серіктестерімен және достарымен қайырымдылық және жаһандық ынтымақтастық мәселелері, ЮНИСЕФ-тің дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қызметі мен бастамалары және жастардың өмірін жақсартуға көмектескен жобалары туралы тікелей эфирлер өткізеді. TikTok сонымен қатар пайдаланушыларды #МарафонДобра2022 челленджіне қатысуға және платформаның миллиондаған қауымдастығымен қайырымдылық пен игі істерге қатысу тәжірибесін бөлісуге шақырады.
TikTok өз қоғамдастығы үшін мейірімділік пен шынайылық атмосферасын сақтауға тырысады, осылайша пайдаланушылар өзін жайлы сезініп, платформада өз мүмкіндігін ашады. Дүниежүзіндегі миллиондаған адам TikTok-та өз идеясы, эмоциясын бөліседі, ал платформа командасы оларды игі істерге шабыттандыруға тырысады. #МарафонДобра2022 науқаны платформада жақсы контентті көбейтуге, инклюзив атмосфераны құруға және пайдаланушыларға әлемді қалай жақсартуға болатыны туралы және шынымен мұқтаж адамдарға көмектесу туралы айтады.
5-7 қыркүйек аралығында ЮНИСЕФ сарапшылары мен амбассадорлары тікелей эфирлер сериясын өткізеді, олардың барысында платформа пайдаланушыларымен өз тәжірибесін бөліседі, қордың бағдарламалары туралы және бүкіл дүниежүзі бойынша мыңдаған адамға қалай көмектесе алатынынын әңгімелейді:
- 5 қыркүйек сағат 19.00-де-шахматшы, ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі Динара Сәдуақасовамен қайырымдылық деген не, кез келген адам қалай өз үлесін қосып, қалай көмектесе алатыны, сонымен бірге ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы тікелей эфир;
- 6 қыркүйекте сағат 19.00-де ЮНИСЕФ еріктілері ұлттық волонтерлер желісінің өкілдерімен бірлесіп волонтерлік қозғалыстар туралы, волонтерлер мен олардың істері біздің айналамызға қалай әсер етеді: климаттық өзгерістерге қарсы күрес пен төтенше жағдайлар кезіндегі көмектен бастап мектептердегі буллингтің алдын алуға дейін. Бір волонтер мыңдаған адамдардың өмірін қалай өзгерте алады?
- 7 қыркүйекте сағат 19.00-де ЮНИСЕФ сарапшылары жынысына қарамастан жасөспірімдер үшін тең мүмкіндіктер туралы, ғылымның дамуы ғалымдар арасындағы гендерлік теңгерім неге байланысты екені туралы, ал UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша қыздарға арналған білім беру жобасының қатысушылары олардың алдында ЮНИСЕФ ашқан жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелейді.
Надежда Лапина, TikTok аға операциялық менеджері:
«Біз үшін платформадағы инклюзив атмосфераны сақтау, айналамыздағы әлемге жанашыр және мұқият болу өте маңызды және #МарафонДобра2022 жобасы — осы бағыттағы тағы бір қадам. Біз бұл жолы бізді ЮНИСЕФ-тің қолдағанына қуаныштымыз: бірге біз пайдаланушыларды игі істерге шабыттандырып, Қазақстанда қайырымдылық тәжірибесін одан да танымал ете аламыз».
Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі:
«Цифрлық технологиялар және әлеуметтік желілер біздің өміріміздің үйреншікті фактісіне айналды. Біз көбірек уақытты онлайн өткіземіз. Цифрлық әлем ЮНИСЕФ-ке адамдардың көпшілігіне қайырымдылық және жас ұрпаққа көмек беру тәсілдері туралы айтудың жаңа міндетін қояды. Біз осы нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі — TikTok ғаламдық онлайн платформасымен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. Біздің эфирлер қайырымдылыққа қызығушылық танытып, әлемді жақсы жаққа өзгерткісі келетіндерге пайдалы ақпарат бере алады және біздің TikTok-пен жемісті серіктестіктің алғашқы қадамы ғана болады деп сенемін».
Платформа сонымен қатар пайдаланушыларды игі істер марафонына қатысуға шақырады және #МарафонДобра2022 хэштег-челленджін іске қосады. Челлендж қатысушысы болу үшін сіз бір ай ішінде TikTok-қа қайырымдылық туралы видео түсіріп, оны жариялап, өз тәжірибеңіз бен ұсыныстарыңызды айтып, сүйікті қайырымдылық жобаңыз туралы немесе өзіңіздің жақсы ісіңіз туралы баяндауыңыз керек. Челленджге 5 қазанға дейін қатысуға болады.
Біреуге бөлісу — қуаныш! Біздің тікелей эфирімізге қосылыңыз және айналаңыздағы әлемді қалай өзгерте алатыныңызды біліңіз. ЮНИСЕФ бағдарламасын сілтеме бойынша қолда.