Басты бетЖаңалықтарӘйелдердің зейнет...

Әйелдердің зейнет жасын көтеруге мораторий жарияланады

61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылғы бірінші қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлем тағайындау кезеңінің ұзақтығын бір жарым жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады, — деді министр.

Оның айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45%-не дейін ұлғаяды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50% мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін «Ұлттық қор — балаларға» жобасын іске қосу жоспарланған, — деді министр.