Бұл туралы Рrimeminister.kz сайты хабарлады.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оны орындауға шұғыл кірісуі қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс, — деді үкімет басшысы.
Үкімет мүшелері аталмыш жоспар көрініс тапқан президент жарлығының жобасын мақұлдап дауыс берді.
Ұлттық экономика министрлігіне премьер-министр кеңсесімен бірлесіп, жарлық жобасын бүгін президент әкімшілігіне енгізуді тапсырамын,- деді Әлихан Смайылов.