Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Фото: Алматы ТЖД

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 8:27-де Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Фото: Алматы ТЖД

Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08:47-де оқшауланып, 08:50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады ведомстводан.

Автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-на тиесілі.

Exit mobile version